Праймеризге қатысуға ниетті азаматтар көп
Праймеризге қатысуға ниетті азаматтар көп
130
оқылды
Бүгінде облыс бойынша 296 үміткер, соның ішінде бас­тауыш партия ұйымы атынан – 210, өзін-өзі ұсыну жолымен 86 үміт­кер прай­меризге қа­тысуға құжаттарын тап­сырды. Қатысу­шы­лардың ішін­де әйел­дер саны – 90, көпбалалы аналар – 10, жас­тар саны – 90, мүмкіндігі шек­­теулі жандар – 3 және қандас­тардан 1 үміткер бар. – Ашықтық пен бәсекелестік – «Nur Otan» праймеризінің бас­ты қағидаты. Сондықтан да біз үшін нақты бәсеке негізінде ең мық­ты­лардың жеңіп шыққаны маңызды. Праймеризге қатысу­шы­лардың бірқатары өмірлік тә­жірибесі мол, белсенді азамат­тық ұстанымы бар адамдар. Бұл үміткерлер орталықта және жер­гілікті деңгейде, соның ішінде қазіргі депутаттық корпусқа сал­мақты бәсекелес бола алады деп ойлаймын. Бүгін партия қыз­метінің жауапты және жаңалы­ғымен қы­зықты кезеңі. Жұмысы­мыздың жетіс­тігі әрқайсы­сы­мыз­дың белсен­ділігімізге тікелей байланысты, – дейді «Nur Otan» партиясы Маңғыс­тау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов. «Nur Otan» партиясының бә­секелес партиялық тізім қалып­тастыруға барынша мүдделі еке­нін айта кеткен жөн. Партияның атынан қоғамның қолдауы мен сеніміне ие болған үздік, беделді көшбасшылар сынға түспек. Дауыс беру рәсімі әділ әрі ашық түр­­де өткізіледі. 1-3 қазан аралы­ғын­да дауыс беру онлайн-фор­матта өтеді. Бұл ретте ел азамат­тары сайлау науқанын дәл сол уақытта бақылай алады. «Прай­мериз» ақ­параттық жүйесі жоғары қауіп­сіздік талаптарын ескере оты­рып жасалған, сырттан араласуға жол берілмейді. Сайлау учаскелері 3 қазанда ғана ашы­­ла­ды. Сондық­тан бақылаушылар тек сол күні ғана жұмыс істей алады. Сайлау учаскелерінде компьютер орна­ты­лады. Онда электронды фор­матта да дауыс беруге болады. Интер­нет желісіне қосылмаған учаскелерде партия­лықтар қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс бере алады.  

Жазира ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ