Павлодарда ер адамның ақшасын тартып алғандар ұсталды
Павлодарда ер адамның ақшасын тартып алғандар ұсталды
фото: ашық дереккөз
151
оқылды
Павлодарда дүкеннің маңында 44 жастағы ер адамды күдіктілер тонап кеткен, - деп хабарлайдыPavlodarnews.kz. Олар жәбірленушіге күш көрсетіп, ақшасын тартып алған. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, ұрлықты қарағандылықтар жасауы мүмкін. "Күдіктілер Бұхар жырау көшесіндегі дүкеннің маңында болған. Олар 44 жастағы ер адамның ақшасын күшпен тартып алған", - делінген хабарламада. Полиция күдіктілерді ұстаған. Олар Қарағанды облысының 28, 31 жастағы тұрғындары екен. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.