Коронавирус: Чехияда екінші рекорд тіркелді
Коронавирус: Чехияда екінші рекорд тіркелді
фото: awaytravel.ru
138
оқылды
Чехияда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 486 дерегі тіркелді. Бұл - пандемия басталғаннан бергі екінші ең жоғары көрсеткіш, - деп хабарлайды РИА Новости. Ақпарат агенттігінің мәліметінше, осыған дейінгі рекорд 21 тамызда тіркелген. Сол уақытта 503 адам СOVID-19 жұқтырған. "Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 486 жаңа дерегі тіркелген. Бұл - пандемия басталғаннан бергі екінші ең жоғары көрсеткіш. Республикада 5 861 адам коронавирус жұқтырды. Оның 139-ы ауруханада жатыр әрі 32 науқастың жағдайы ауыр", - делінген хабарламада. Пандемия басталғаннан бері Чехияда 23 777 адам СOVID-19 жұқтырды. 17 497 науқас дертінен айықты, 419 адам қайтыс болды.