Ардагерлерге құрмет
Ардагерлерге құрмет
203
оқылды
Nur Otan партиясы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін туған күндерімен құттықтады. Бұл шара «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында ұйымдастырылатын дәстүрлі шара. Аталған жоба аясында жыл бойы қарияларға қамқорлық көрсетіледі.

Жоба аясында жасотандық­тар ардагерлердің үй шаруасына көмек көрсетуді қолға алған. Ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісіндей болған бұл игі іс-шара үйде отырған қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

17 жасында қан майданға аттанған Иван Хиценко құр­лықтық әскер сапында болып, Одесса, Қырым, Сталинград қалаларын қорғады. Польша, Варшавадан Познани қала­ларын жаяу жүріп өткен. Жеңісті Калининград облысының Пиллау қаласында қарсы алған. Алдыңғы шепте ерлік көрсеткен майдангер соғыстан кейінгі жыл­дары ұзақ уақыт бойы көлік жүргізушісі болып қызмет еткен. Тоқсанның үшеуіне кел­ген қарияны партиялықтар арнайы құттықтады.

– Екі жыл бойы майдан шебінде болдым. Көпті көрдім. Отанымызға бостандық сый­лауда өзімізді аямадық. Кейінгі буын өкілдерінде тап сондай ел­жандылық, патриоттық қа­сиеттері болса екен деймін, – дейді майдангер Иван Хиценко.

Ал 94 жастағы Қасымхан ақсақал соғыс басталғанда небәрі 17-де болған. Учили­ще­ден кейін танкқа қарсы қару алып, майдан шебіне аттанды. Ардагері соғыстан кейін қаруды қаламға айырбастап, «Қостанай таңы» газетінде меншікті тілші болып жемісті еңбек еткен. Бүкіл саналы ғұмырында ұр­пақ тәрбиесіне араласқан ұлағатты ұстаз-тәлімгер, хал­қы­мыздың ғажайып өнері – айтысты, жырау-термешілікті насихаттауға арнады. Туған күн иесін партиялықтар арнайы құттықтай келіпті.

– Әр атаулы күндері ар­да­герлерімізді құттықтап, қолы­мыздан келгенше көмек беріп, жағдайлары қиындарға қол ұшын созуға тырысамыз. Ардагерлерімізді қамқорлыққа алып, қарт майдангерлермен қатар, жалғызбасты тыл еңбек­керлеріне де көмек көрсе­ту­ге атсалысып келеміз, – дейді Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Алмат Досмұхамедов.

Партиялықтар ардагерлерді туған күнімен құттықтап, кө­мек көрсетуді дәстүрге айналдырған. «Мұның бәрі жеңісті жақындатқан жауын­герлерге көрсетілген құрмет, ерлікке тағзым» дейді партия белсенділері.

Әбілмансұр ЖАСАН