Батыр Жүкембаев салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Батыр Жүкембаев салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық Батыр Жүкембаев WBA және IBF титулдары үшін айқас алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. "Хабар" телеарнасы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Бастапқыда отандасымыздың қарсыласы Максимилиано Рикардо Верон(12-3-1, 4 КО) болған. Алайда аргентиналық спортшы Канада визаны ала алмады. Нәтижесінде Жүкембаев 27 жасар мексикалық Рикардо Ларамен (22-7, 10 КО) кездеседі.   Олардың жекпе-жегі 25 қаңтарда Канаданың Монреал қаласындағы Montreal Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Он раундтық жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы қазақстандыққа тиесілі WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белдіктері сарапқа салынады. Кеште аншлаг күтілуде.   Нұр-Сұлтан уақыты бойынша жекпе-жек 26 қаңтарда таңертең өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 08:30-да "Хабар" телеарнасында трансляция басталады. Өзінің соңғы жекпе-жегін Джукембаев 2019 жылы қыркүйекте Монреалда өткізді.  Ол әлемнің экс-чемпионы мексикандық Мигель Васкесті (41-8, 15 КО) төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, екі титулға ие болды.