Үкіметтік емес ұйымдар – мемлекетке әріптес
Үкіметтік емес ұйымдар – мемлекетке әріптес
208
оқылды

Президент Қ.Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жол­дауында Бел­сен­­ді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың бе­­­делін арттыру қажеттігін айтып, Азаматтық қоғамды да­мы­ту­дың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуді назарға ал­ған болатын.

Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесіп, ат­қарылып жатқан жұмыстардың ба­рысымен танысты. Қала басшысы үкі­меттік емес ұйымдардың белсенді өкіл­дерімен бірлесе жұмыс істеп, өңір­дегі азаматтық секторды дамыту мә­селелерін пысықтау жайын талқылады.   Шым­кент қаласында 432 үкіметтік емес ұйым тіркелген болса, бүгінгі таң­да оның 50-і нақты қызмет атқаруда.

Ерлан Қуанышұлы елімізде үкі­мет­тік емес ұйымдардың дамуына то­лық мүмкіндік қарастырылғанын атап өтті. «Елімізде азаматтық қоғамды да­мыту, үкіметтік емес ұйымдарды қол­­­­дауға бағытталған оң саясаттың нә­ти­жесінде мыңдаған азаматтарды бірік­­тіретін қоғамдық сектор еліміздің әлеу­меттік-экономикалық, саяси да­муы­на ықпал ететіндей күшке ай­нал­ды. Жалпы, азаматтық сектор қо­ғам­мен қарым-қатынаста маңызды орын алып, қоғамның мәселелерін шешуде мем­ле­кеттік органдарға әділ әріптес де­ген көзқарас қалыптасты» деді қала әкімі.

Басқосуда «Шымкент қаласының Аза­маттық альянсы», «Интеллект» эко­номикалық және азаматтық білім беру» қо­ғамдық бірлестігі және «Қазақстан әйел­дерінің республикалық кеңесі», «Сер­піліс», «Шаңырақ жастар мен жас кәсіпкерлерді қолдау орталығы» мен «Соотечественник» қоғамдық бір­лестіктерінің басшылары сөз алып, өңірдегі маңызды мәселелерді көтерді.

Шымкент қаласының «Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Ж.Білісбеков үкіметтік емес ұйымдарды толғандырып жүр­ген бірқатар мәселе бар екенін жет­кізді. Бүгінгі таңда үшінші мега­по­лис­те 38 мыңнан астам мүмкіндігі шек­теулі азамат бар екенін, алайда олар­дың мәселесін шешуге үкіметтік емес ұйымдарының қауқарсыз бо­лып отырғанын атап өтті. «Па­ра­лим­пиа­далық спорттың түрі болғанымен ар­найы шұғылданатын жаттығу за­лы жоқ» деді ол. Сонымен қатар бір­лестік президенті «Қоғамдық кеңес» мүшелерінің құрамына үкіметтік емес ұйым өкілдерінің белсенді топтарын қосуды ұсынды. Е.Айтаханов мүмкіндігі шектеулі жастардың паралимпиадалық спортпен шұғылдануына мүмкіндік қарастыруды назарға алатын болды.

Кездесу барысында Қайрат Рыс­­­­құлбековке ескерткіш ор­нату, зейнет­кер­л­ердің жолдама алуын оң­тайландыру, балаларды отан­сүй­гіштікке тәрбиелейтін лагерь ұйым­дастыру және ішімдікке салынған ер-азаматтарды ем­деу, оларды сауық­тырып, отбасына қайтаруды жүйе­лендіру шаралары қолға алынуы қа­жеттігі де айтылды. Шағын биз­неске қол­дау көрсету, қоғамдық кө­лік қызметі сапасын арттыру да бас­­­­қосудың басты тақырыптарына ай­­нал­ды.

«Шымкент қаласы бойынша аза­маттық қоғам институттарының мем­ле­кеттік құрылымдармен әлеуметтік се­ріктестігі, олардың қаланың әлеу­мет­тік-экономикалық дамуына атса­лысуы жоспарлы және мақсатты про­цесс ретінде жүзеге асырылуда. Алайда атқарылған жұмыстармен қа­тар кемшіліктер де бар екенін атап өт­кен жөн. Өңір халқының бірлігін сақ­тап, аймақты дамытуда азаматтық сек­тор өкілдерінің әлеуетін пайдалану қа­жет-ақ. Сонымен қатар олардың пі­кір­лері мен ұсыныстары тыңдалу ке­рек» деді әкім жиын соңында.

 

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы