Атыраудан төрт өңірге қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтатылады

Атыраудан төрт өңірге қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтатылады

Атыраудан төрт өңірге қатынайтын жолаушылар пойызы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің бүгінгі қаулысына сәйкес, 31 тамыз күні сағат 00:00-ден бастап жолаушылар пойызының қатынасы тоқтатылатын болды. «Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын», -делінген қаулыда. Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудан 4 бағытқа жолаушылар пойызы тоқтатылып, шектеу шаралары 14 қыркүйекке дейін созылған еді.