Жаңарған әліпбимен диктант жазды
Жаңарған әліпбимен диктант жазды

Шымкент қаласындағы «Қа­­зақ­стан халқы ассам­блея­сы» эт­­нос жастары арасында ла­­тын қарпіне негізделген қа­зақ әліп­биін­де ашық диктант өткіз­ді.

Қазақстан халқы ассамблея­сының бірыңғай күні аясында өткен іс-шараға қаладағы этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты мен оқу орындарындағы «Достық» клубтарының мүшелері қатысып, жаңарған әліпбиді қаншалықты меңгергенін байқап көрді.

Аталған шараны ұйымдас­тыр­ған Шымкент қалалық «Қо­ғам­дық келісім» мекемесі маман­да­рының айтуынша, этнос өкіл­­дері тарапынан латын қарпіне не­­гізделген жаңа әліпбиге деген ықылас артып келеді.  

– Қазақстан халқы ассам­блея­сының «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастарына қазақ тілін үйрету шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі ашық диктант жастарды латын гра­фикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануды үйрету мақ­са­­тында өтті. Диктант 2019 jyl – Jastar jyly тақырыбына арналды. Нәти­жесінде қатысушылардың ба­сым бөлігі латын графикасын же­тік меңгергенін байқатты. Аталған акцияны бұдан кейін де жалғастыру жоспарда бар, – дейді Шымкент қа­лалық «Қоғамдық келісім» ме­ке­­месінің бөлім басшысы Мәди Бесбаев.

Айта кетейік, бүгінде мил­лион­нан астам шымкенттіктердің 30 па­йыздан астамын этнос өкілдері құ­рай­ды.

 

Назгүл НАЗАРБЕК, 
Шымкент қаласы