Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Италиядағы Триесте челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстандық теннисші уругвайлық Ариэл Бехармен бірге финалда франциялықтар Хьюго Гастон мен Тристан Ламазинмен кездесті. Қазақстандық-уругвайлық жұп 1 сағат 20 минутқа соғылған матчта 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл - олардың биылғы бірлескен екінші табысы. Бұдан бұрын Италиядағы осындай додада үздік шыққан еді. Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко жекелей сында Чехиядағы Прага 2 турнирінің финалына шыға алмады. Жүлде қоры 137,5 мыңнан астам долларға бағаланған доданың жартылай финалында ресейлік Аслан Карацевпен шеберлік байқасты. 2 сағат 18 минутқа созылған тартысты бәсекеде ресейліктің мерейі үстем болды - 7:5, 4:6, 7:5. А.Карацев финалда Нидерланды өкілі Таллон Грикспурмен кортқа шығады. Бұл - ресейліктің биылғы екінші финалы. Бұдан бұрын ол Прага додасының соңғы бәсекесінде швейцариялық Стэн Вавринкадан ұтылып қалған еді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Голубевтің Италиядағы турнирдің финалына, ал Д.Попконың Прагада жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.