Бекзат Саттарханов даңғылында ерекше көрініс пайда болды

Бекзат Саттарханов даңғылында ерекше көрініс пайда болды

Қазақстанның рухани астанасында тағы бір керемет орын пайда болды. Бекзат Саттарханов даңғылында  жасанды тоған салынып, Нимфея тұқымдасына жататын лалагүлдермен безендірілді. [caption id="attachment_68713" align="alignnone" > Фото: otyrar.kz[/caption] Бұл маң жергілікті тұрғындардың да, қалаға келген қонақтардың да сүйікті орнына айналды.

«Өте керемет, ғажайып орын. Түркістанда мұндай жер болады деп кім ойлаған? Мен күйеуіммен бірге Астанадан Түркістанға көшкенде, үзілді-кесілді қарсы болдым. Шөл, жел мен аңызақ деп ойладым. Енді, тіпті кеткім келмейді. Бұл жер өте әдемі, осындай тоған бар, кешке салқын әрі әдемі», – дейді Ләззат Атабекова.
Otyrar.kz-тің жазуынша, көшеттер Бельгиядан әкелінген.  636 гүлдің әрқайсысына бір шаршы метрден бөлінген. Күн суық кезде гүлдер уақытша сақталатын болады.