Семейде Абай мен оның ұлдарына ескерткіш қойылды
Семейде Абай мен оның ұлдарына ескерткіш қойылды
фото: ашық дереккөз
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың Семей қаласына сапарында Абай музейі аумағында ұлы ойшыл мен оның ұлдарына орнатылған жаңа ескерткішті таныстырды. Облыс әкімінің сөзінше, Абайдың 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев Семейдегі барлық нысандарды қарап шықты. Оның арасында жаңартылған Абай алаңы бар және 3 труппа қызмет ететін Абай театры актерлер үшін ғана емес, қала тұрғындары үшін де нағыз сый болды. «Музейдің орталық бөлігінде «Абай және ұлдары» мүсіні қойылған. Авторлар мұнда портреттік ұқсастықты ғана емес, басты ойды – ұлдардың ұлы әкесіне деген махаббаты мен мақтанышын да жеткізе алды», - деп атап өтті Д.Ахметов. Сонымен бірге, әкім Ақшоқы ауылында ақынның отбасына арналған музей ашылғанын жеткізді. Ал Қарауыл ауылындағы жаңа мектепте заманауи IT және физика, химия, робототехника сыныптарынан бөлек жас журналистердің мультимедиялық студиясы да бар. Абай саябағы маңында келешекте жаңа заманауи шағынаудан салынады.