Үкімет басшысы халықты Конституция күнімен құттықтады
Үкімет басшысы халықты Конституция күнімен құттықтады
фото: Премьер-министрдің сайты
5,153
оқылды
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады. "Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға - Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды.Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін!", - делінген құттықтауда.