Израильдегі сайлауда оппозиция көш бастап келеді - экзитпол
Израильдегі сайлауда оппозиция көш бастап келеді - экзитпол
109
оқылды

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың «Ликуд» партиясы парламенттік сайлауда жеңілуі мүмкін. Экзитпол нәтижелері бойынша «Ликудқа» қарсылас оппозициялық "Кахоль-Лаван" жеңіске бір табан жақындап келеді.

Алдағы өткен сайлаулардағыдай арадағы айырмашылық анау айтқандай көп болмаса да, оппозициялық партия осы жолы бірнеше мандатты басым алуы мүмкін. Сондай-ақ «Біздің үйіміз Израиль» партиясы өзінің парламенттегі фракциясын осы жолғы сайлау нәтижесінде ұлғайтуы мүмкін (10 депутатқа). Бұған да экзитпол нәтижелері дәлел бола алады.

Израиль басылымдары таратқан ақпарға сәйкес, мұндай нәтижелер үкіметті жасақтауда қиындықтар тудыруы мүмкін. Қазіргі Үкімет құрамы Кнессеттен жарты орынға да ие бола алмай қалуы ықтимал.

Еске салсақ, бұған дейін Израиль премьері Нетаньяху егер «Ликуд» (өзі жетекшілік ететін партия) парламент сайлауында жеңіске жететін болса, Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялайтынын хабарлаған еді. Аталған шешімді әлемдік қоғамдастық сынға алды.