Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 25 миллионнан асты
Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 25 миллионнан асты
© Reuters
5,174
оқылды
Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 25 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді, - деп хабарлайды РИА Новости. Университет мәліметінше, астана уақытымен 12:55-те дүние жүзінде COVID-19 анықталған адамдар саны 25 009 250-ге жеткен. Оның ішінде 842 702 науқас қайтыс болған. Ал 16 411 400 адам аурудан жазылған. Еске салайық, Қазақстанда соңғы бір тәулікте 126 адамнан коронавирус табылған болатын. Елде COVID-19 жұқтырғандар саны 105 684-ке жеткен. Оның ішінде 96 135-і аурудан жазылса, 1581 науқас қайтыс болған.