Қазақстанда жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкереленді

Қазақстанда жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкереленді

Украина қауіпсіздік қызметі 20 адам қатысқан B2B Jewelery қаржылық пирамида жұмысының әрекеттерін әшкереледі. Қылмыскерлер 600 мыңнан аса салымшының 250 миллионнан аса долларын жымқырып үлгерген, - деп хабарлайды LIGA.net. Барлау қызметінің мәліметінше, 2019 жылдан бастап "пирамиданы" ұйымдастырушылар Днепр өзенінің бассейніндегі аралдардың бірін, құны әрқайсысы 100 мың доллардан асатын 18 жол талғамайтын көлік, сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен әртүрлі жылжымайтын мүлік сатып алды. 27 тамызда тәртіп сақшылары Киев, Винница облыстары мен Одессада 48 жерден іздеу шараларын жүргізген. Сот қылмыскерлердің мүлік активтерін: банк шоттарын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін тәркілеген. Ресми түрде B2B Jewelry қарапайым зергерлік бөлшек сататын мекеме ретінде жұмыс істеген. Компания Украинаның барлық ірі қаласында, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанда (Нұр-Сұлтан) 100-ге жуық дүкен ашқан. Дүкендерде шынымен де зергерлік бұйымдар сатылған. Оларды әдеттегі дүкендер секілді сатып алуға болады. Бірақ сатып алушыға кэшюэк ұсынылған - бұл банк картасына төленген соманың 104 пайызы қайтарылуы. Оның үстіне, тағы бір нәрсе сатып алса, кэшбек пайызы өседі. Бірақ алтынмен емес, сертификаттармен алуға болатын. Сол кезде пайда одан да арта түседі - жылына 400 пайызға дейін. Пайда апта сайын төленген, бұл салымшылар санын арттырған, олардың көбі зейнеткер болған. Сертификаттарды тек "клуб мүшесінің" ұсынысы бойынша сатып алуға рұқсат берілген. "Клуб мүшесі" әр "жаңа сатып алушы" үшін пайызын көріп отырған. Яғни, классикалық пирамида құрылған. B2B Jewelry пирамидасының негізін қалаушы - зергер және "Шарм" зергерлік зауытының негізін қалаған Николай Гонта. 2019 жылы кәсіпкер жергілікті басылымдардың біріне берген сұхбатында әлемнің 30 елінде өз желісінің дүкендерін ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген. [caption id="attachment_68762" align="alignnone" > B2B Jewelery пирамидасының негізін қалаушы Николай Гонта[/caption]