Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты Бас прокуратура пікір білдірді
Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты Бас прокуратура пікір білдірді
303
оқылды

Егер Ақжарқын Тұрлыбайға Қытай соты айып үкімін кессе, бойжеткеннің жазасын елде өтеуіне Қазақстан сұраным хат жолдайды. Бұл туралы бас генералдың орынбасары Марат Ахметжанов хабарлады.

«Біздің азаматымыздың сонда (Қытайда-ред) екенін білесіздер. Ол сот шешіміне шағымдана алады. Бізде Қытаймен сотталғандарды беру туралы екіжақты келісім бар. Қытай сотының соңғы шешімін күтеміз. Егер ақталса, ол өте жақсы. Егер сотталатын болса, оның сот үкіміне шағымдана алады. Біздің де оның жазасын Қазақстанда өтеуіне Қытай тарабына сұраным хат жібере алуға құқымыз бар», - деді М.Ахметжанов Мәжілістен тыс журналистерге берген жауабында.

Ақжарқын Тұрлыбай есірткі алып өтпек болды деп айыпталған еді. Бойжеткен 2014 жылдың наурызында тұтқындалды. 2015 жылы Қытай соты А.Тұрлыбайды өмір бақи бас бостандығынан айырды. Алайда 2016 жылдың наурызында үкім алынып тасталып, іс қайта қарауға жіберілді.