Қазақстандық боксшы қарсыласын бірден нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірден нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Мұсәділов рингке соңғы рет 2017 жылы шыққан еді. Сол жылы қарашада Мексикада бес жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Боксшы рингке үшжылдық үзілістен соң оралды. Америкалық Калифорния штатындағы Венисте өткен бокс кешінде Мұсәділов жергілікті Квинтелл Томпсонмен жұдырықтасқан. Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жектің бірінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.