Баланы мектепке орналастыру үшін 150  мың теңге беру керек: Атырауда тексеріс басталды
Баланы мектепке орналастыру үшін 150  мың теңге беру керек: Атырауда тексеріс басталды
Фото: Интернеттен алынды
238
оқылды
Жазбада әйел адам директор болса да, бұл іске ықпал ете алмайтынын, мәселені  қалалық білім бөлімі шешетінін айтқан. «...Мен білім бөлімі жетекшілерімен сөйлесе аламын, бірақ оған рақмет айту керек. Мөлшері 150 000». (Соңында осылай жазылған). Жазбада баланы №17 мектепке орналастыру үшін пара беру туралы айтылып жатқанын аңғару қиын емес. Көп ұзамай жұртшылықты алаңдатқан осы посттың астына Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген пікір қалдырды. Әкім орынбасары осы мәселеге байланысты тиісті органдар шара қолданатынын жеткізді. Atpress.kz-тің жазуынша, оқиға расталса, жауаптыларға заң талабына сәйкес қатаң шара қолданылатын болады. Ал егер жалған болса, ақпаратты таратқан азаматтарды заң бойынша 20 АЕК көлеміндегі айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Сондықтан әкімдік жауапты органдар барлығын анықтағанша сабыр сақтауға шақырды.