Шығыс Қазақстанда жоғалған 7 жастағы баланың денесі табылды
Шығыс Қазақстанда жоғалған 7 жастағы баланың денесі табылды
Фото: Интернеттен алынды
ШҚО Полиция департаментінен мәлім еткендей, іздеу жұмыстары тоқтатылды. Зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар ұл баланың денесі Зубовск ауылына жақын жерден табылды. Полицейлер күдікті ретінде Зубовск ауылының тұрғынын ұстады. Оны соңғы рет баланың жанында көргендер бар.
«Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары барысында күдіктіден қылмысты мойындау жауабы алынды. Ол Алтай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды», – деп мәлім етті ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Айта кетейік, баланың ата-анасы оның жоғалып кеткені жөнінде полицияға 30 тамыз күні хабарлаған. Олардың айтуынша, бала әдеттегідей, велосипед тебуге шығып кеткен. Алайда, біраз уақыттан соң оны таппай қалған. Ата-анасы өздігімен іздеу жұмыстары нәтиже бермегеннен кейін, тәртіп сақшыларына жүгінген. Хабар түскен соң, полицейлер, волонтерлер, сондай-ақ ауыл тұрғындары баланы іздеустіруге кірісті. Бұған дейін ШҚО-да ер адам 7 жастағы баланы ауладан ертіп кеткенін жазған болатынбыз.