Бірнеше өңірде дауыл соғады
Бірнеше өңірде дауыл соғады
Фото: Интернеттен алынды
114
оқылды
Елдің тек оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады. Күндіз Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Түркістан облысында найзағай күтіледі. Атырау, Ақтөбе облыстарының, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды ​​облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.