Қазақстанда азық-түлік бағасы ЕАЭО елдеріне қарағанда жылдам өсіп жатыр
Қазақстанда азық-түлік бағасы ЕАЭО елдеріне қарағанда жылдам өсіп жатыр
5,147
оқылды

Қазақстанда азық-түлік тауары бір жыл ішінде 9% қымбаттаған, бұл көрсеткіш Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі көрсеткіштен жоғары,– деп хабарлайды LS.

Биылғы тамыз айында тауарлар мен қызметтер құны 2018 жылдың тамызымен салыстырғанда 5,5% қымбаттаған. Аталған көрсеткіш бойынша Қазақстан тек Беларуске (5,7%) жол береді,– деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссия.

Ресейде тұтыну бағасы бір жылда 4,3% қымбаттаса, Қырғызстанда 2%, Арменияда – 0,6%. Бұл тұрғыда ЕАЭО-да жылдық жиынтық инфляция көлемі 4,4% деп тіркелген.

Бұл тұрғыда Қазақстан азық-түлік тауарларының бағасының 9% қымбаттауымен ЕАЭО мемлекеттерінен алға шығып отыр. Мәселен, Ресейде өсім 5%, Беларусте – 6,2%, Қырғызстанда – 3,7%, Арменияда – 0,2% көлемінде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жылдық инфляция 2019 жылдың шілдесіндегі қорытынды бойынша 5,9% құраған.