Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды
Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды
663
оқылды

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына Тимур Құлыбаев қайта сайланды.

Бүгін елордада өтіп жатқан ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысында комитеттің президентін сайлау шарасы өтті. Сайлау барысында елімізде тіркелген 34 спорт федерациясының өкілдері Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берді.

«Барлығы 34 бюллетень болды. Жарамсыз болып қалған, қарсы дауыс берген бюллетеньдер жоқ», – деді дауыс беру нәтижесін жариялаған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.

Бұған дейін ел Премьер-Министрі Асқар Мамин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын ұсынған еді.