Бүгін 42 500 теңгеге өтініш қабылдау аяқталады
Бүгін 42 500 теңгеге өтініш қабылдау аяқталады
Фото: Интернеттен алынды
117
оқылды
Еңбек және халықты ілеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2,4 миллионға жуық адам 42 500 теңге әлеуметтік төлем алды. Сондай-ақ 2 миллион 384 мың адамға тамызда карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша төленді. Министрліктің хабарлауынша, 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-дан бір реттік төлем алған қазақстандықтарға карантинді ұзартуға байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Алғаш рет өтініш бергендерге төлем 1,5 ең төменгі жалақы мөлшері немесе 63 750 теңге мөлшерінде тағайындалады (42 500 + 21 250 теңге). Ескерте кетейік, өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.