Үйінде интернеті жоқ мұғалімдер мектепке барып, сабақты қашықтан өткізе алады
Үйінде интернеті жоқ мұғалімдер мектепке барып, сабақты қашықтан өткізе алады
Фото: Интернеттен алынды
Оның айтуынша, 1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқу форматында білім алады, – деп жазады «Қазақпарат».  Оқушылар компьютер, ноутбукпен қамтылады.
«Бұл мәселені шешу үшін мектептер жан басына қаржыландыру есебінен 9 120 ноутбукпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ,мектептердегі 10 мың ноутбук уақытша пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен 11 042, Үкіметтің резерв қоры есебінен 38 591 компьютер техникасы алынды. Оның ішінде 4 016 компьютер, 5 203 планшет және 29 372 ноутбук бар. 22 212 планшет жергілікті бюджет есебінен алынды», – деді Ләззат Жылқыбаева.
Сондай-ақ оқушылар мен мұғалімдердің интернетке қолжетімділігі проблемасы кезең-кезеңімен шешіліп жатыр.
«Интернетке қосылуды қажет ететін 22 мыңнан астам оқушыға SIM карталар сатып алынды. Қазіргі таңда сим карталар мен роутерлер таратылып берілді. Интернеті жоқ мұғалімдерге мектепке келіп онлайн сабақ өткізуге рұқсат берілді. Осыған байланысты қаладағы мектептердің барлығы дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілді. Одан бөлек 1-2 сыныптарда 193 кезекші топтар ашылды. Бұл топтарда 1977 бала сабақ оқиды», – деді ол.