Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысына – 30 жыл

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Қыркүйек 18, 2019
9k
қаралым

Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тацухико Касаи, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының көшбасшысы О.Сүлейменов, халықаралық қозғалыс мүшелері, Нобель сыйлығының лауреаттары қатысты.

Конференцияның ашылуында сөз алған Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова жиналғандарға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Бүгінгі құттықтауы мен ядролық сынақты тоқтатуға қосқан еңбегіне ризашылық білдірген ақын, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының көшбасшысы О.Сүлейменов Елбасы Н.Назарбаевқа қозғалыстың 30 жылдығына арнап шығарылған мерейтойлық медалін тапсырды. Сондай-ақ мерейтойлық медаль Мәдениет және спорт министріне де тапсырылды.

«Бүгінгі шара – қозғалыстың салтанатты мерейтойы ғана емес, қазақстандық қоғам мен барша адамзаттың бейбітшілік пен таза ғаламшар үшін күресінің маңызды кезеңі. «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы белсенділерінің, қоғамның арқасында 1989 жылға жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-і жасалмады. Осындай күш-жігер мен батыл қадамдарыңызбен сіздер ғаламдық сананы өзгертуге үлес қосып, бейбітсүйгіштік идеяның маңыздылығын іс жүзінде дәлелдедіңіздер», – деді Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова.  

Тегтер: Невада-СемейНұрсұлтан НазарбаевОлжас Сүлейменовполигон
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстауда есінен ауысты деген сарбаз астанаға жеткізіледі

«Тобыл» командасының бас бапкері тағайындалды

Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқан 7 адам ұсталды

Шымкентте белгісіз біреулер аяусыз соққыға жыққан ер адам есін жимастан көз жұмды

«Жауһар жәдігер» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Доллар тағы 6 теңгеге арзандады

Ота жасатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы белгілі болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»