Жаңа оқу жылында аталған сабақтар республикалық арналар арқылы көрсетіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты. Оның сөзінше алматылық мұғалімдер 1-11 сынып оқушыларының қашықтықтан оқуы үшін видеосабақтарды дайындауға белсенді қатысуда.
«Алматы қаласында 400-ден астам сабақ түсірілді. Қаланың үздік мұғалімдері осы жұмыстарға қатысуда», – деді Ләззат Жылқыбаева.Еске сала кетейік, 2019-2020 оқу жылының 4 тоқсанында мектеп оқушылары үшін видеосабақтар Алматы телеарнасы арқылы көрсетілді. Жаңа оқу жылында аталған сабақтар республикалық арналар арқылы трансляцияланады.