Батпырауық 3 жасар қызды ұшырып әкетті
Батпырауық 3 жасар қызды ұшырып әкетті
5,334
оқылды

Алып батпырауық баланы аспанға ұшырып әкетті. Оқиға Тайваньдағы фестивальде болған, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. Куәгерлердің айтуынша, баланың киімі батпырауықтың бекітілген тұсына ілініп қалған. Бұл кезде ата-анасы қасында болмады. Желдің қатты екпіні кішкентай қызды ұшырып әкетті, деп хабарлайды Associated Press. Желіде болған оқиғаның видеосы шықты. Кадрде батпырауық баланы көтеріп, бірнеше секунд айналдырғаны көрінеді. Кейін кішкентай қыз жерге құлады. ​Фестивальге қатысушылар бірден көмекке ұмтылды. Қыз ауыр жарақат алмаған. Ата-анасының айтуынша, қатты қорқып қалды. Бұл жағдайдан соң фестиваль уақытша тоқтатылды.