Исатай ауданындағы Жанбай ауылының тұсында шетелдік көліктегі 22 тонна мақта рулоны түгі қалмай жанып кетті, - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
"31 тамызда жергілікті уақытпен сағат 03:00 шамасында "Астрахань-Атырау" жолының бойында шетелдік "MAN" көлігінің тіркемесі өртенді. Көлік жүргізушісі Түркия азаматының айтуынша, тіркемеде 22 тонна мақта рулоны тиелген. Оның бұл жүкті Түркиядан Қырғызстанға апара жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге Исатай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.