Түркістан облысында қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен 6 адам ұсталды
Түркістан облысында  қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен 6 адам ұсталды
87
оқылды
Түркістан облысында қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен 6 адам ұсталды. Жәбірленушілер саны 317 адамға дейін жеткен, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі Полицияның мәліметінше, бүгінде Тергеу басқармасының өндірісінде ҚР ҚК 217-бабы « қаржы пирамидасын құру және басқару» бойынша іс қозғалған. Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарының 317 тұрғыны аудандық ішкі істер органдарына арызданған. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер қамауға алынды. Олардың қатарында 1 ер адам мен 5 әйел бар. Айта кетейік, бұған дейін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жетісай АПБ қызметкерлері қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқан болатын. Тергеу аясында күдіктілерден құжаттар, компьютерлер және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген. Жетісай аудандық полиция бөлімінің базасында облыстық полицияның тергеу және жедел бөлімшелерінің кәсіби қызметкерлерінен тұратын арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Тәртіп сақшылары зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Шығын сомасы белгіленуде. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.