Қазақстандық танкішілер 2 қыркүйекте жартылай финалдық эстафетада өнер көрсетеді
Қазақстандық танкішілер 2 қыркүйекте жартылай финалдық эстафетада өнер көрсетеді
164
оқылды

Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында Танк биатлонының жеке жарысы аяқталып, жартылай финалда бақ сынасатын 8 қатысушы анықталды, - деп хабарлаы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Командалардың барлық үш экипажыныңтрассадан өтуінің жалпы уақытын есепке ала отырып, жартылай финалдық жарыста өнер көрсететін танкішілер құрамы анықталды. 1 қыркүйекте Әзірбайжан, Беларусь, Қытай және Сербияның танкистері сынға түседі. Ал 2 қыркүйекте финалға шығу үшін Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары бақ сынасады.

Жартылай финалда елден үш экипаж өнер көрсетеді. Әр команда барлық қашықтықты бір танкте өтуі керек.Ал экипаждар эстафетаны еңсере отырып, жауынгерлік машинада кезең-кезеңмен бір-бірін ауыстырады. Әрбір экипаж үш атыс шептерімен және 10 кедергілермен жалпы ұзындығы 16 шақырымнан астам трассаның 4 шеңберін еңсеруі тиіс.

Жартылай финалдық эстафетада қатысушылар көрсеткен қорытынды бойынша 5 қыркүйекте Армия халықаралық ойындарының жабылуы күні финалдық жарыста жеңіске жету үшін күресетін 4 үздік команда анықталады.