Петропавлда саммит үшін салынған резиденция өртеніп кетті
Петропавлда саммит үшін салынған резиденция өртеніп кетті
Фото: Интернеттен алынды
5,170
оқылды
Петропавлда мемлекет басшылары мен жоғары лауазымды шенеуніктерге арналған демалыс орнынан шыққан өрттің себебі тексеріліп жатыр. Аумақ облыс әкімінің шаруашылық басқармасына қарайды. Мамандар тілсіз жаудан «ешкім зардап шеккен жоқ» деп отыр. Бұрын тұрғындар «Обкомның саяжайы» деп атап келсе, қазір ел арасында «әкімнің резиденциясы» деп жүр. Мұнда өрт шыққалы күзетті күшейткен. Қазір жүк көліктермен өрттен кейінгі күл-қоқысты тазартып жатыр. Тілсіз жауды құтқарушылар үш сағат бойы жабылып жүріп әзер ауыздықтаған. Демалыс үйлерінің көбісі ағаштан тұрзғызылған. Мамандар резиденция аумағы түгел жанып кете ме деп қауіптенген екен. Бейресми дереккөздердің жазуынша, от жаңадан салынған демалыс үйінен тұтанған. Ғимарат Петропавлда өткен саммит кезінде Қазақстан мен Ресей президенттерінің  демалуы үшін тұрғызылыпты.