Көлден күл жинаған ауыл адамдарына оқ атқан полицей ақталып шықты
Көлден күл жинаған ауыл адамдарына оқ атқан полицей ақталып шықты
Фото: Интернеттен алынды
124
оқылды
Судан «микросфера» деп аталатын күлді терген тұрғындардың жолын осылайша кеспек болған тәртіп сақшысының үстінен қылмыстық  іс қозғалған еді, – деп хабарлайды КТК. Ауыл тұрғындарымен ерегескен тәртіп сақшысының әрекетіне ашуланып, текетіреске көшкен жұртқа қару кезенген сарбаздардың бірі ескерту жасап, аспанға оқ атады. Көлден заңсыз күл тергендерді осындай әдіспен тоқтататпақ болған криминалдық полиция басқармасының қызметкері екені анықталған. Ол Қылмыстық кодекстің «Лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды» деген бабымен істі болып, тергеу аяқталғанша қызметінен шеттетілген. Күл жиғандар мен полиция арасындары  жанжал биыл мамырда Береке ауылының маңында болған еді. Содан бері қылмыстық істі үш ай қараған тергеушілер видеоның толық  нұсқасы зерттелген соң, «қылмыстық әрекет жоқ» деген тұжырымға келген.