Елбасы елорда «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты

Елбасы елорда «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Е.Нысанбаевтың, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновтың және Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаевтың ақпаратын тыңдады,– деп хабарлады elbasy.kz сайты.

– Сіздің тапсырмаңызға сәйкес 1997 жылдан бастап біз «жасыл белдеу» құру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бүгінде оның ауданы 87 мың гектардан асады. Биыл отырғызу аумағы 4,6 мың гектарды құрады. 2022 жылға дейін біз жалпы жасыл желектің аумағын 100 мың гектарға жеткіземіз», – деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Сонымен қатар, Елбасына агротехникалық іс-шаралардың нәтижесінде алынған мәліметтерді жинау және талдау үдерістерін цифрландыру бойынша жоспарланған шаралар туралы ақпарат берілді.

 

 

 

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне елорданы көгалдандырудың нәтижелері және «жасыл белдеуді» Бурабай орман алқабымен қосу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Ұсынылған баяндамаларды назарға ала отырып, Нұрсұлтан Назарбаев елорда төңірегінде «жасыл белдеу» құру тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде қолданудың маңыздылығын атап өтті.