2021 жылғы қысқы Универсиаданы өткізу кейінге шегерілді

2021 жылғы қысқы Универсиаданы өткізу кейінге шегерілді

Бұл жөнінде Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) ресми мәлімдеді. Кейінге қалдыру туралы шешім пандемияға байланысты қабылданған. Универсиада 2021 жылдың 21-31 қаңтар аралығында өткізілуі тиіс еді. Дүбірлі доданың қашан өтетіні жайында әзірге нақты шешім жоқ. Алдағы екі айдың ішінде мамандар бұған байланысты нақты шешім қабылдамақ. Ал 2023 жылғы қысқы Универсиада АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтеді деп жоспарланған.