Министрлердің жауапты хатшылары қысқартылады
Министрлердің жауапты хатшылары қысқартылады
Фото: Интернеттен алынды
171
оқылды
Жолдауда: «Жауапты хатшылар институтына тоқталғым келеді. Осы институтты енгізген кезде олардың ауыспалы болмауы министрлерді әкімшілік-кадрлық жұмыстан босатады, аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді деп қарастырылған әдіс жүзінде олай болмады», – деді Президент. Мемлекет басшысы министрлер мен жауапты хатшылар арасында дұрыс жұмыс жүргізілмейтінін айтты. «Нәтижесінде, ортақ іске нұқсан келтіріледі. Сұрау бір адамнан болуы керек, яғни Президент тағайындаған министр жауапты болуы тиіс. Сондықтан жауапты хатшылар институтын қысқарту керек. Олардың міндетін министрліктердің аппарат басшыларына жүктеу қажет. Жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға жыл соңына дейін түзетулер пакетін қабылдауды тапсырамын», – деді Тоқаев.