Диплом тарататын жоғары оқу орындары жабылады – Мемлекет басшысы
Диплом тарататын жоғары оқу орындары жабылады – Мемлекет басшысы
Фото: Интернеттен алынды
«Өткен жылы дипломды басып шығарумен айналысатын оқу орындарын жабуды тапсырдым. Табысты білім беру бизнесіне жұмылдырған ықпалды адамдардың қарсылығынан жұмыс қиын жүріп жатыр. Бірақ проблеманы шешу керек. Премьер-Министр осы мәселені ерекше бақылауға алуы тиіс», – деді Президент Жолдауында. Сондай-ақ Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. «Азаматтардың сауаттылық деңгейі мен олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл құжатта бейресми білімнің баламалы нұсқаларын белсенді енгізуді, өзіндік оқудың нәтижесін мойындауды, кәсіби дағдыларды серфикаттауды қарастыру керек», – деді Мемлекет басшысы.