Сәби сүйе алмайтын отбасылар үшін «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданады
Сәби сүйе алмайтын отбасылар үшін «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданады
Фото: Интернеттен алынды
167
оқылды
«Елдің отбасылық-демографиялық жағдайы үлкен алаңдаушылық тудырады. Өкінішке қарай, Қазақстанда әр алтыншы отбасы бала сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 20 проценті мұны ажырасудың басты себебі деп санайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан халқының өсуіне қатысты болжамы көңіл көншітпейді», – деді Президент. Сондықтан Президент Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды. ЭКО бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту қажет екенін де айтты.