Атырау облысында өгей қызын зорлап келген ер адамға сот үкім кесті
Атырау облысында өгей қызын зорлап келген ер адамға сот үкім кесті

Атырау облысында ер адам жеті ай бойы өзінің 13 жастағы өгей қызын зорлап келген. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот анықтағандай, ер адам мен зардап шегушінің анасы заңды некеде тұр. 13 жасар қыз әйелдің бірінші некесінен туған. Ер адам болса, қызға өзінің тегін беріп, заңды түрде өз баласы ретінде мойындаған. Өз некелерінен екі қыздары бар.

Қыз бала өгей әкесінен аяқ тартқандықтан, болған оқиғалар туралы тіс жарып айта алмаған. Қыз жүкті болып қалғанда ғана бәрін айқын болған. Сонда анасы шұғыл полицияға хабар берген.

Соттың шешімімен ер адам ҚР ҚК 4 тармағы 120 бабы бойынша айыпты деп танылып, 15 жыл бас бостандығынан айырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.