Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар қызметін кеңейту туралы айтты.
«Жергілікті ресурстардың оңтайлы жұмсалуын бақылау өкілдік органдарға – мәслихаттарға жүктелген. Алайда олардың пікірі көбіне еленбей жатады. Бұл өз кезегінде саяси анахронизм», - деді Президент Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында.Осы орайда Мемлекет басшысы өңірді дамыту немесе жергілік проблемалар бойынша қол жинау және петиция құру функциясын мәслихатқа беру мүмкіндігі туралы айтты.
«Сонымен қатар, мәслихаттардың ревизиялық комиссияларын күшейту керек. Үкімет пен Есеп комитетіне заңнамаға тиісті түзетулер пакетін даярлауды тапсырамын. Мәслихат отырыстарының міндетті онлайн-тансляциясын енгізу қажет», - деді Қ. Тоқаев