Президент еліміздің даму жолындағы бүгінгі күннің басты бағдарын айқындап берді - Әбдіманап Бектұрғанов
Президент еліміздің даму жолындағы бүгінгі күннің басты бағдарын айқындап берді - Әбдіманап Бектұрғанов
© сурет интернеттен алынды
Бүгін  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы сессиясының ашылуна арналған отырыста Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет Басшысы мемлекеттік саясаттың басты бағыттары ретінде азаматтардың өмірі мен денсаулығы, әлеуметтік экономикалық тұрақтылық және халық табысының сақталуын қамтамасыз етуді белгіледі. Қасым-Жомарт Кемелұлы соңғы уақыттағы қоғамда болып жатқан елеулі оқиғалар мен алдағы уақытта күтіп тұрған жағдайларды шешу жолдарын қамтитын нақты қадамдардың қатарын айқындап берді. Әлеуметтік салада бірқатар ауқымды іс-шарарларға бастама жасады. Мысалы: әлеуметтік кодексті әзірлеу бойынша Үкіметке берген тапсырмасы, барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиістігі, 2021 жылдан зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауға мүмкіндік берілуі және «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды тапсыруы еліміздің азаматтарының көкейінде жүрген аса өзекті мәселелердің шешімі болып табылады. Егер де білім саласына келетін болсақ, Президент  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жолдауында білім саласына аса назар аударып, бірқатар мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды. Пандемия кезінде қашықтықтан білім беруде мұғалімдер, оқушылар және ата-аналарды әбігерге салғанын көрдік. Сол  кемшіліктерді ескере отырып, оларды жоюға және толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажеттігін атап айтты. Бұған қоса «Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым» , - деді Президент. Осы орайда Мемлекет басшысы ұстаздардың жалақы мөлшері келешекте де өсіп отыратынын айтты. Бұл шешім ұстаздардың материалдық жағдайын жақсартып олардың мәртебесін көтеруге орасан септігін тигізетіні анық. Елімізді ғылыми-технологиялық дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат әзірлеу мен ірі бизнес университеттерді қолдауға мән беру қажеттігі ғылымның әлеуетін пайдалана отырып, ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге жол береді. Нарықтық заманда қаржысыз шешілетін мәселелер кемде-кем. Әсіресе ғылым саласын дамыту елеулі қаржылық қолдауды қажет етеді. Ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі ретінде - ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражатын Үкіметке жинақтап, орталықтандыруды және оны бюджет арқылы жалпы ұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуі туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы осы мәселенің оң шешімі болады деп сенемін. Сонымен қатар, жас ғалымдарды қолдау мақсатында «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1 мың грант бөлу де өзінің ғылым саласына зор қолдау табады деп білемін. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің даму жолындағы бүгінгі күннің басты бағыт-бағдарын айқындап берді, ендігі кезекте Үкімет, Парламент және барлық мүдделі мемлекеттік органдарға нәтижелі жұмыс жүргізуге тілектестігін білдірді.

Әбдіманап Бектұрғанов, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор