Жолдауда көптеген маңызды нәрселер айтылды. Әсіресе, ұлттық даму, ұлттық болмыс, ұлттық мүдде деген дүниелерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам деген ұстаным ортаға тасталды. Бұл – ел дамуы үшін аса маңызды. Сонымен қатар Президентіміздің Қазақ мемлекетінің дамуы адам ресурсына, әрбір қазақ азаматының қайратына, біліміне, парасатына байланысты деген ой-тұжырымына терең мән беруіміз керек. Біліммен ғана биіктерді бағындыра аламыз. Еліміз өсіп-өркендеу үшін осындай тың серпіліс және ұлттық бірлік керек. Сол себепті, біз ұлттың жаңа қалыбын, жаңа болмысын қалыптастыруға күш жұмсауымыз қажет.
Нұртөре Жүсіп, Парламент Сенатының депутаты