Өзге елдің ұлтандарын жерсіндіріп, допингке тойдырып, медаль алатын заман кетті – Алмас Тоқабаев
Өзге елдің ұлтандарын жерсіндіріп, допингке тойдырып, медаль алатын заман кетті – Алмас Тоқабаев
227
оқылды
  Бүгін  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы сессиясының ашылуына арналған отырыста Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда өзекті мәселелер айтылды. Соның бірі спортқа байланысты. Президент пандемия кезінде кәсіби спортты қолдаудың мәні жоқ екенін, оның орнына балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту қажет екенін жеткізді.  Осы орайда Алмас Тоқабаевтың пікірін білген едік. PR маманы бұл бастаманы қуана қолдайтынын айтты.
 «Ең ұнағаны, Серік аға бастап жүрген #АуылФутбол Президентке жеткен сияқты. Өзге елдің ұлтандарын жерсіндіріп, допингке тойдырып, медаль алатын заман кетті. Ақшаны қисық аяқ легионер - футболистке емес, топырақ үстінде доп тепкен балаға беру дегенді көп айттық, көп күттік», – дейді ол. [caption id="attachment_69096" align="alignnone" width="1000"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption]
Енді ауыл әкімдерін тұрғындардың өзі сайлайды. Бұл – көпшіліктің көңіліне қонған игі бастама. «Басында трайбализм, қаппен ұн таратып дауыс жинау болатыны анық. Бірақ уақыт өте халық та «аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озғаны» дұрыс екеніне көзі жетеді. Тағы бір ұнаған дүние – ЭКО квотасы. Бар малын шашып осы әдіспен нәрестелі болған таныстарым бар. Ал шамасы жетпей, сәбиге зар болып жүрген отбасылардың жүрегі бүлк ете қалғаны сөзсіз», – дейді Алмас Тоқабаев.