Алматы облысының полицейлері бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. 1 тамызда Талдықорған қаласы ПБ Шығыс бөлімшесіне облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны хабырласып, 18 шілде күні 15 жастағы ұлының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанына арызданған. 27 тамыз күні тәртіп сақшылары іздеу жарияланған жасөспірімді тауып, анасына табыстады. Белгілі болғандай, ата-анасының тарапынан сын айтылған соң, оларға өз тәуелсіздігін дәлелдеу мақсатында жасөспірімнің үйден кеткені белгілі болды. Талдықорған қаласы полицейлері жоғалған баланың мекенжайын анықтады. Жасөспірімнің анасы ұлын аман-есен тауып берген полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтты. Жасөспірімнің айтуынша, осы уақыт ішінде ол жалдамалы пәтерлерде және достары мен таныстарының үйінде тұрып, кездейсоқ табыс табумен өмір сүрген. Осыған орай, кәмелетке толмаған бала қаңғыбастыққа бейім адам ретінде есепке алынды, ал анасына тиісті ескерту жасау туралы шешім шығарылды.