Суға шомылу маусымы ресми аяқталды - ТЖК
Суға шомылу маусымы ресми аяқталды - ТЖК
146
оқылды
1 қыркүйекте елімізде суға шомылу маусымы ресми аяқталды, деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖК полициямен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп ұйымдастырушылық, практикалық іс-шаралар кешенін жүргізді. Күн сайын азаматтық қорғау органдары мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер мен патрульдеу жүзеге асырылды. Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің су айдындарында құтқарушылар 160 адамды, оның ішінде 35 баланы ажалдан аман алып қалды. Ал, суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусымнан 31 тамыз аралығында) 140 адам, оның ішінде 27 бала құтқарылды. Сонымен қатар, суға шомылу кезеңінің басынан бастап (1 маусымнан 31 тамыз аралығында) суға шомылу кезінде алкогольдік мас күйінде, суға батушыны құтқару және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру кезінде 239 адам (2019 жылы 282), оның ішінде 75 бала (2019 жылы 88 бала) суға кетіп, көз жұмды.