Қарыз алушының төлем қабілетіне талап айтарлықтай күшейді - Тоқаев
Қарыз алушының төлем қабілетіне талап айтарлықтай күшейді - Тоқаев
© сурет интернеттен алынды
114
оқылды
Тұтынушыларға жауапсыз несие беруді нормативтік түрде тоқтату керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Оның айтуынша, қаржы секторындағы жағымсыз фактордың бірі - тұтынушылық сегмент пен бизнесті несиелеу арасындағы теңгерімсіздік болып отыр.
"Тұтынушыларға тоқтаусыз, кейде жауапсыз несие беруді нормативті түрде тоқтату керек. Бұл әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін. Азаматтардың тиісті деңгейде қаржылық сауаттылығының тиісті деңгейде болмауы оларға кредит өнімдерін негізсіз беруге себеп болмауы керек. Биыл менің тапсырмам бойынша нормативтік-құқықтық база өзгертілді. Қарыз алушының төлем қабілетіне талап айтарлықтай күшейді", - деді Президент.
Сондай-ақ, Тоқаев халыққа негізсіз кредит берген ұйымдардың жұмысы бақылауға алынғанын жеткізді.
"Халыққа қарыздарды негізсіз берген микроқаржылық ұйымдарға, ломбардтарға және тағы басқа қаржы ұйымдардың жұмысын мемлекет бақылауға алды. Бірақ қауіп әлі бар. Әсіресе, дағдарыс кезінде халық табысының төмендеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, ұлттық банк кредит беретін ұйымдардың жауапкершілігін арттыру, ставканы төмендету үшін қосымша реттеу шараларын жүргізу керек", - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.