Қаратау ауданының әкімі халықтан не үшін қашып жүр? (видео)
Қаратау ауданының әкімі халықтан не үшін қашып жүр? (видео)
145
оқылды

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Шымкент қаласының «Азат» шағын ауданына арнайы барды. Бүгінде бұл аудан тұрғындары үшін ауыз су мен жылу мәселесі ең өзекті. Тіпті тұтас бір ауданға ауыз су жеткізетін жалғыз колонка ғана жұмыс ітейді. Оның өзі жекенің меншігінде.

Газбен қамту мәселесінде де аудан халқын әуреге салған түйткілдер аз емес. Ауданды газбен қамтып отырған жеке кәсіпкерлердің бағаны қымбаттатуы азаматтардың жанына батып отыр. Бұл мәселе де әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында аз көтерілген жоқ.

Желі арқылы аталған мәселелердің мән-жайына қанық болған Бауыржан Байбек азаттықтармен кездесіп, мемлекет тарапынан ауданның инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөлініп отырғанын айтты. Алдағы уақытта осы мәселеге қатысты барлық бастама партияның жіті назарында болмақ.

https://youtu.be/ZqcTJsyDn0A

– Әрине, бұл жерде шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселенің бар екенін білеміз. Бірақ бәрін бірдей шешіп тастау мүмкін емес. Сондықтан мемлекет тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып, ең алдымен, газ, жарық және ауыз су мәселесін шешуді қолға алды. Кейін жол және басқа да мәселелерді шешеміз, – деген партия Төрағасының Бірінші орынбасары барлық жұмыстардың заң аясында жүргізілетінін айтты.

Сондай-ақ ол мемлекет тарапынан жер мен үйді заңдастыру жұмыстары қолға алынғанын айтып, тұрғындардың өздерін барлық істе заңға сүйеніп әрекет етуге шақырды. Бауыржан Байбек «Азат» шағын ауданы қарайтын қаланың Қаратау ауданының әкіміне бұл мәселені басты назарға алу керектігін айтты.

– Әкім елдің ортасында жүруі керек. Ешқашан халықтан қорықпай, азаматтарды алаңдатқан мәселелерді шешу үшін жұмыс істеу қажет. Қандай жағдай болсын әкім халықтың алдына шығып, түсіндіріп, елді ұйыта білуі керек. Өз кезегінде халық та бәрін мемлекеттің мойнына артып қоймай, қоғамдық бақылауды қолға алып, белсенділік танытуы тиіс, – деді Бауыржан Байбек.