Қарағандыда жедел уәкілдер өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып жүрген алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz. Порталдың мәліметінше, 3 тамызда Қарағанды қалалық полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 40 жастағы әйелден арыз түскен.
"Сондықтан да әйел адам еш күдіктенбестен белгісіз ер адамға 660 мың теңге ақша беріп, бірер сағат өткен соң өзінің алданғанын біліп, полицияға арызданған. Жәбірленушінің түсіндіруі бойынша, күдікті шамамен 35-50 жас аралығында болуы мүмкін деп болжанған. 27 тамызда полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 48 жастағы ер адам ұсталып, кінәсін мойындаған", - делінген хабарламада.Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.