– Бүгін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласы туралы көп айтты. Шынында, маған ұнаған жері – кооператив құру, қосалқы шаруашылықты дамыту мәселесі болды. Қосалқы шаруашылықты елді мекеннің жағдайында 70 пайыз мал сонда тұр. Бізде малды қамтамасыз ете алатын 188 миллион гектар жайылымдық жер бар. Соған малды жинап, кооперация құрып, жайылымдар мен шабындық жерлерді беретін болса, малдың да, еттің де, сүттің де көлемі 30 пайызға өсер еді. Бұл – мемлекеттің биологиялық активі, біз оны қорғауымыз керек. Егер де бұл мәселе шешілетін болса, онда ауылдың экологиялық мәселесі шешіледі. Бұл ауылға деген – экономикалық дамудың бірінші қарқыны. Сондықтан біз осы мәселені қолға алуымыз керек.