Жеті аймақта ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды
Жеті аймақта ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Интернеттен алынды
80
оқылды
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Түс ауа Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі болжанады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.