Ат шаптырып, той өткізгендерді жауапқа тартты
Ат шаптырып, той өткізгендерді жауапқа тартты
Фото: Altaynews.kz
124
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 тамыздағы қаулысына сәйкес, үлкен той-жиындар өткізуге тыйым салынған. Осындай рейдтің бірінде тамыздың соңғы демалыс күндері Аягөз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қаладағы мейрамхананың бірінде тойдың үстінен түсті. Шақырылған қонақтар тойханаға артқы есіктен кіргізіліп, көліктер мейрамхананың арты мен көрші аулаға қойылған. Осыған ұқсас жағдай Бесқарағай ауданында да тіркелді. Онда жергілікті тұрғын бәйге ұйымдастырған.
ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев: «Карантин режимін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін барлық фактілер мен материалдар Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді», – дейді.